Меню KDT

logo.png?_=2?_=1
"КГУ "Средная школа №222 имени Т. Рыскулова" отдела образования по городу Кызылорда управления образования Кызылординской области"


8 (7172) 987-654, 98-76-54

Ыбырай Алтынсарин - балалар әдебиетінің атасы атты

Мақсаты : Оқушылардың   кітап  оқуға  құмарлығын арттыру,  кітап оқу  арқылы  олардың   сөздік қорының  молаюы,


Ыбырай Алтынсарин - балалар әдебиетінің атасы атты

Оқу  сағаты

Мақсаты : Оқушылардың   кітап  оқуға  құмарлығын арттыру,  кітап оқу  арқылы  олардың   сөздік қорының  молаюы, ой-өрісінің   дамуы,   рухани  байлағының  толуы. Ұлы  адамдарды  құрметтеуге  баулу  және   ұлы  ағартушы   Ыбырай  Алтынсариннің   өмірімен, шығармаларымен   оқушыларды  таныстыру.

Кітапханашы:  Қайырлы  күн, құрметті   оқушылар, кітапсүйер  қауым !  Ыбырай  Алтынсарин -  алғашқы  халық мұғалімі, ұлттың  ұлы  ұстазы, қазақ  даласына     тұңғыш  білім  есігін  ашып , бірінші  болып  қоңырау  үнін  күмбірлеткен   ағартушы-педагог, этнограф, фольклоршы, қоғам  қайраткері,  балалар   әдебиетінің   негізін  салушы  Ы.Алтынсаринге    биыл   180  жыл.  «Ыбырай   Алтынсарин  -   балалар   әдебиетінің   атасы»  атты   оқу  сағатына      қош келдіңіздер  !

Алдымен  іс-шарамызды  бастамас   бұрын  бір-бірімізге  жақсы  көңіл-күй   сыйлайық. Ал,  кәнекей  балалар, «Жақсылық  »  сөзінің  әрбір  әрпіне адами  қасиетті  білдіретін  сөздерді бірі-бірімізге     айтайық. 

Ы.Алтынсариннің   ұрпаққа  қалдырған   мұрасы  ұлан-ғайыр,  тәлім-тәрбиеге   толы  өсиеттері   мен  ғибратты   ғұмырымен   сусындаудамыз .  

Жүз жыл бұрын   дәл  осындай  

Әр кірпішін    қамқор  қолмен қалаған . дана  адам,

Тұңғыш рет   мектеп ашып даладан .

Осы  отырған   кластардың  бөлмесін,

Сол данышпан   сені  әкелген ен шетке.        

Ұлы  мұра   қалдырдым   деп   кетпек пе?

Қызығамын  сенің  тұңғыш   үніңе

Жалт  қаратқан   жалпақ  елді   мектепке.

Ұлы  ұстаздың   жанкешті   еңбектері   атақты   Ғафу Қайырбековтың   «Дала   қоңырауы»  поэмасында осылай жырланды десек,   Торғайда  Ы.Алтынсарин ашқан   мектепте   қоғам  қайраткерлері,  ғалым  ұстаздар, қазақтың қазақ болып қалыптасуына жанын салған ағартушылар   Ахмет  Байтұрсынов,  Міржақып .Дулатовтар   білім  алды.  

Ы.Алтынсарин  1841 жылы  20 қазанда  Қостанай  облысы,Торғай  аумағында  дүниеге   келген.  Әкесінен  ерте  айырылған   ол  атасы   белгілі би   Балқожаның   қолында  тәрбиеленді.  Өзінің  мінез-құлқы  жағынан   қарапайым, еңбексүйгіш  болған, көп  оқыған. Алған  білімін  өз халқының  пайдасына асыруға  талпынды.  

Ыбырай  атамыз   балаларға  арнап  өте  құнды   өлеңдер  мен   әңгімелер   жазған  жазушы.  Өз шығармаларында   Отанын, халқын  сүюге, оқып  білім алуға   шақырды.  

Балалар, Ы.Алтынсариннің «Бақша ағаштары», «Асыл  шөп», «Әке  мен бала» әңгімелерін оқыған   болсақ, осы  әңгімелердің   тәрбиелік  мәнін   терең  мағынада  түсіну үшін  талқылап, осы  әңгімелерге  байланысты   ой-пікірлеріңді  айта  отырыңдар. 

  1. Балалар, осы Ы.Алтынсариннің әңгімелері ұнады ма ?
  2. «Әке мен бала» әңгімесінің  мазмұны  қандай ?
  3. «Таға» деген  не ?
  4. «Аз жұмысты қиынсынсан, көп  жұмысқа  тап  боласың, азға  қанағат  ете  білмесең, көптен де  құры боласын» осы сөздің  мағынасын  кім,  қалай  түсінеді ?
  5. «Асыл шөп» әңгімесін  оқи  отырып, адам  бойындағы  қандай  асыл  қасиетті табуға  болады ?
  6. Ата-бабамыз неліктен баланы  бағу-қағуда  көп  мән  берген  ?
  7. Осы әңгімелерді  оқи  отырып,  мазмұнын  қалай  түсіндік ?
  8. Балалар, білім алу, еңбектену  алға  қойған  мақсатымызға  жетелейді  ме ?
  9. «Еңбектің наны  тәтті»  дегенді  қалай  түсінесіңдер  ?

Қорытынды:  Балалар,  Ыбырай  атамыздың  шығармашылығын  оқи  отырып, нені  есте  сақтадық, нені  білдіқ , нені  ұқтық ?

Ы.Алтынсарин  шығармалары  жас  ұрпақты  мейірімділікке, адалдыққа, ізеттілікке, ақылдылық  пен  білімділікке  тағы  басқа  ізгі  қасиеттерді   уйретуге  шақырады.  Осындай  адами  қасиеттерді  бойларыңа сіңіріп, мақсат-мұраттарына  жетіңдер.

Кемеңгер  ақын  Абай  атамыз  айтқандай  : 

Ашу  дұшпан, ақыл   дос

ақылына  ақыл  қос демекші 

ақылды, сабырлы  болайық.


Пікір жоқ
27 қаралды
Авторы: skainn
Қосылды: 26.09.2024 в 10:29

Президент Жолдауы

Директор блогы


Директор - Мукеев Максут Ахметович

Рухани жаңғыру

Choose Color